Институт сертификации и стандартизации

Институт сертификации и стандартизации

Институт сертификации и стандартизации

«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК-да интернет арқылы лицензиялар мен сертификаттарға тапсырыс беру жылдам және арзан.

Халықаралық және республикалық сапа стандартына сай лицензиялар мен сертификаттар алу, сонымен қатар әртүрлі түрдегі сараптамалар жүргізу қызметтеріне интернет арқылы тапсырыс беру мүмкін болды Бүгінде Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау Енді тілек білдірушілердің жоғарыда аталған құжаттарды рәсімдеу үшін құзіретті мекемеге баруы міндетті емес. Бұның барлығын ұйымның http://178.89.110.137/ru/shop/ порталында біршама тез және қарапайым онлайн жасауына болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындауы қажет:

  • «Тіркеуден» өтіңіз.
  • Каталог арқылы қажетті стандартты таңдаңыз.
  • «Электрондық қызметтер бөлімінде «Ғаламтор-дүкен» сілтемесін таңдаңыз.
  • Тапсырыс жасау («Сатып алу) немесе оны «Себетке» қосу.
  • Авторландырудан өтіңіз («Логин» және «Құпиясөзді» енгізіңіз).

Стандартты таңдағаннан кейін тапсырысты рәсімдеу бойынша келесі әрекеттер қажет етіледі: Заңды тұлғалар үшін: «Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын таңдаңыз да, компанияның мәліметтерін енгізіңіз (деректемелер, байланыс жасаушы тұлға, e-mail) Экранда пайда болған шот бойынша банкте төлем жүргізу; Жеке тұлғалар үшін: «Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын таңдаңыз, ТАӘ мен e-mail енгізіңіз.

Экранда пайда болған шот бойынша банкте төлем жүргізу; Осыдан кейін ақысы төленген стандартқа «Менің кітапханам» режимінде кіруге болады. Шот-фактураның көшірмесі сұрақтары бойынша хабарласу үшін мына телефон қарастырылған 8(7172)793-321.

Порталда неменеге тапсырыс беруге болады?

web-технологияларды пайдалана отырып, кәсіпорын азаматтарға сараптама жүргізуге, сәйкес лицензиялар мен сертификаттар алу қызметтерін ұсынады, сонымен қатар төмендегідей сияқты стандартардың әртүрлі санаттары бойынша құжаттардың электрондық нұсқаларына кіру қызметтерін ұсынады:

  • ҚРМЖ (Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісі) — материалдық және материалдық емес (негізгі қорлар) бөлімдерінен тұратын бухгалтерлік және статистикалық есеп саласында негізгі қорларды есептеу үшін арналған.
  • ҚРСТ (Қазақстан Республикасының стандарты) — Қазақстан Республикасы шегінде тауарлар мен қызметтерге бекітілген нормалар мен талаптар.
  • ИСО (Стандарттау бойынша халықаралық ұйым) — электроника мен электротехникадан басқа барлық саладағы тауарлар мен қызметтерге стандарт.
  • МЕМСТ (Мемлекет аралық стандарт) — стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы Келісімге қол қойған мемлекеттер қабылдаған стандарт.
  • ХЭК (халықаралық электротехникалық комиссия) — барлық электротехникалық, электрондық, ақпараттық және онымен байланысты технологиялар үшін стандарт.
Рекомендуем прочесть:  Будет ли рост евро в 2019 году

Мемлекет пен тұрғындар арасында интерактивтік өзара әрекет үшін құрылған электрондық кеңістік бір мезетте лицензиялар мен сертификаттарды беру бойынша тапсырыстарды рәсімдеуге шығындарды төмендетуге мүмкіндік берді. Енді Бірыңғай мемлекеттік нормативтік техникалық құжаттар қорының ғаламтор-дүкені арқылы олардың электрондық нұсқасының құны қағазды нұсқасын сатып алудан 63% көп төмендеді.

Осылайша,

«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты»

РМК заңды және жеке тұлғалар үшін тек өзінің шығындарын үнемдеуге емес, сонымен қатар тапсырыстарды рәсімдеуге уақыт пен нормативтік құжаттарға қол жетімділікті үнемдеуге мүмкіндік береді.